«Терра» қашықтан зондылау және ГАЖ орталығы» ЖШС
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz

«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС «Қазақстандағы ғарыш күндері-2016» семинарында

Компания өкілдері 2016 жылдың 21-22 қарашасында Астана қаласында өткен «Қазақстандағы ғарыш күндері-2016» халықаралық семинарына қатысып, баяндама жасады.

«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС бас директоры Гельдыев Б.В. пленарлық мәжілісте «ASTER және WorldView 3 (SWIR) ғарыштық аппараттарының қашықтан зондылау деректерін тау жыныстарының литологиялық түрлерін анықтау үшін қолданудың нәтижелері» тақырыбына баяндама жасады.
«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС ҚЗ және ГАЖ департаментінің директоры Сутула Е.П. Компанияның есірткілік өсімдіктердің өсу ареалдарын анықтау мақсатында қашықтан зондылау деректерін талдау бойынша көп жылдық жұмысының нәтижелерін ұсынды.

Семинар биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткізіліп, заманауи ғарыштық технологиялардың тәжірибесі мен болашағына арналды.

Семинарға шет елдік әуе-ғарыш компаниялары, ЖҚЗ деректерінің операторлары, шет елдердің ғарыштық агенттіктері, Қазақстанның жетекші компаниялары, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары қатысты.


Ақпарат көзі: gharysh.kz, avianews.info

 

Басқа жаналықтар
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56